Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Шымкентте полиция "Қазақ хандығына 550 жыл" ескерткіші маңын жарыс алаңына айналдырмақ болған жүргізушінің әрекетіне тосқауыл қойды.
Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген 18 жастағы қала тұрғыны Камранбек Юсувалиев қауіпті маневрлер жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген және түнгі тыныштықты бұзған.
Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция қала көшелері жарыс алаңы емес екенін еске салады. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне қатер төндіргендер заңға сәйкес жауапқа тартылады.