Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:22, 06 Мамыр 2024

Алматыда Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер қашан өтетіні айтылды

у
Фото: из открытых источников

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Алматыда өтетін Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздер туралы айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоянның арасындағы келіссөздер Алматыда 2024 жылғы 10 мамырда өтеді, делінген СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен телефон арқылы сөйлесіп, Әзірбайжан мен Армения шекараны демаркациялау үдерісін бастағанын мәлімдеген.

Сонымен қатар, Әлиев Қазақстанның ұсынысы негізінде бейбітшілік келісімі бойынша келіссөздерді жалғастыру мақсатында жақын арада Алматыда екі елдің сыртқы істер министрлері кездесу өткізетінін айтқан.

Фото:ress office of the Government of RA