Әлеумет

Алматыда Горький саябағындағы 94 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы әкімдігі Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы 94 жер телімін мемлекет меншігіне қайтарды. Қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жалпы аумағы 5 гектар болатын учаскелер бұрын «ТФК «Алтын-Тараз» ЖШС-не жалға берілген.

Горький парк

Әкімдік компаниямен жалдау шартын ұзартудан бас тартқан. Бұған жалға алушының парк инфрақұрылымын жаңартуға және аумақты абаттандыруға инвестиция салмағаны себеп болған.

Компания бұл шешімге сот арқылы қарсылық білдіруге тырысқанымен, сот талап арызды қанағаттандырмаған. Нәтижесінде жер телімдері қайтадан мемлекеттік басқаруға өтті.

Қала билігінің айтуынша, парк аумағы ұзақ уақыт бойы тиісті деңгейде күтіп ұсталмаған. Көптеген аттракциондар мен инфрақұрылым нысандары ескіріп, қала тұрғындары тарапынан жиі сынға ұшыраған.

Енді әкімдік Горький атындағы саябақты жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Жоба аясында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, заманауи демалыс аймақтарын құру және туристік әрі мәдени инфрақұрылымды дамыту көзделген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз