Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:39, 14 Мамыр 2024

Алматыда "Jerge tabyn adam endi" өнер кеші өтеді

Jerge tabyn adam endi
Фото: täuel[x]sız

Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 18 мамыр күні сағ. 19.00-де täuel[x]sız жобасының JERGE TABYN ADAM ENDI заманауи өнер кеші өтеді.

täuel[x]sız – заманауи өнер мен поэзияны ұштастырған арт-жоба. Бұл даланы аштық жайлады, атом улады, енді бір бөлігін су басып, бір бөлігі сусап жатыр…Кеште осы өткен мен өзектіні өнерпаздар жасанды интеллект арқылы сахналайды.

Заманауи қазақ поэзиясының өкілдері – Тілеубек Батыс, Жамбыл Бақытәліұлы, Салтанат Мадиярқызы Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Серік Ақсұңқарұлы секілдіақындардың өлеңдері оқылып, Ұ. Есдәулетов, Т. Мұхамеджанов, Сағди, Үміт Долькей сынды әншілердің авторлық әні шырқалады.

Перформанстағы туындылар Балжан Хабдина мен Захардин Қыстаубаевтың «Қызылдар қырғыны», Сара Кәмеронның «Аштық жайлаған дала», Тоғжан Қасенованың «Атом улаған дала» кітабынан алынған.

Өнер кешіне белгілі қаламгерлер, тәуелсіз ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Jerge tabyn adam endi

Айта кетейік, täuel[х]sız жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мақсаты – қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді өнер арқылы кең көпшілікке жеткізу. Сондай-ақ, заманауи поэзия өкілдері — жас авторлар мен олардың шығармашылығын таныту. Жоба 2021 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының және Халықаралық ARTIF Awards байқауының жеңімпазы.

Тегтер: