Алматыда көп әйел алуды насихаттаған блогер жауапқа тартылды
Алматыда әлеуметтік желі арқылы көп әйел алуды қалыпты өмір салты ретінде насихаттаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицияның мәліметінше, заң бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
Полицияның мәліметінше, оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, профилактикалық түсіндіру жұмыстарынан кейін азамат әлеуметтік желідегі жарияланымдарын өз еркімен өшірген.