Live

Алматыда LRT желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр

Алматыда алғашқы LRT желісін салуға дайындық жүріп жатыр.

Алматы ЛРТ

Қазір Б. Момышұлы мен Төле би көшелерінде негізгі жұмыстар атқарылып, инженерлік желілер көшірілу үстінде. Жалпы 375 коммуникация қайта жасақталуы керек. Оның ішінде су құбыры, кәріз, жылу желілері, газ, электр және байланыс жүйелері бар.

Дайындық жұмыстары аяқталған соң шпалдар мен рельстер төселеді. Құрылыс жұмыстарын қыс мезгілінде де жалғастыру жоспарланған. Алғашқы желі Мөңке би мен Б. Момышұлы көшелерінің қиылысындағы ауданнан басталып, Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы Алматы-2 вокзалына дейін барады. Соңғы аялдама «Райымбек батыр» көлік-аралық торабы болады.

LRT толықтай жер үстімен жүреді. Б. Момышұлы мен Төле би көшелерінің ортасындағы екі жолақ тек пойыздарға бөлінеді. Пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына 30-35 шақырым болады.

Желіні 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланған. Алайда пойыздардың жеткізілу мерзіміне байланысты бұл уақыт өзгеруі мүмкін.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз