Алматыда зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдаған интернет-алаяқтар анықталды
Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қарт азаматтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауда күдікті адамдар тобының қызметі тоқтатылды.
Қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты. Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Қылмыстық әрекеттің барлықмән-жәйін және басқа да қатысы бар адамдарды анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде.