Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:38, 21 Ақпан 2024

Алматыда жаңа әуежай қашан іске қосылады - Қарабаев жауап берді

Алматы
Фото: из открытых источников
Көлік министрі Марат Қарабаев биыл жазда Алматыда жаңа әуежай терминалы ашылатынын және оның жылына 14 миллион адамға дейін қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Министр жұмыстың дайындығы 87 пайызды құрайтынын айтты. Жаңа әуежай терминалы 2024 жылдың маусым айында жұмысын бастайды.

"Әуежайдың қазіргі өткізу қабілеті жылына небәрі 2,5 миллион адамды құрайды. Бірақ сонымен бірге өткен жылы әуежайға 9,5 миллион адам келген. Мен қызметке қатысты халықтың наразылығын жақсы түсінемін. Бұл үшін кешірім сұраймыз. 25-30 жылға жуық уақыттан бері қайта құру немесе кеңейту жұмыстары жүргізілген жоқ", - деді министр.

Қарабаев жаңа терминал барлық халықаралық стандарттарға сай салынғанын айтты. 

Тегтер: