Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:20, 15 Қаңтар 2024

Алматыдағы автобус апатының куәгері даудың неден шыққанын айтып берді

автобус апаты
Фото: из открытых источников

22 қараша күні Алматыда болған автобус апатынан үш адам қаза болған еді. Оқиғаның куәгерлері автобус ішіндегі жолаушы мен жүргізуші арасындағы даудың неден басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz

Куәгер Жеңіс Тайбектің айтуынша, жүргізушіні ұрған ер адам мас болмаған.

22 қараша күні досым екеуміз "Апорт" аялдамасынан мінгенбіз. Бізбен бірге сол ер адам кірді. Біз алдыңғы есіктен, ол ортаңғы есіктен кірді.Ол шекпеген, ішпеген. Енді, көрінеді ғой. Ол кісі ортамен түсіп кетпекші болған, өзінің аялдамасына. Жетінші Қалқаман больницасына дейін келген ол кісі. Сол жерде түсіп қалу керек болған. Жүргізуші оны 6 минуттай күтті. Ол кезде бәрі сыпайы сөйлеп тұрды. Жолаушы (жол ақысын) “смс-пен төлеп қойдым” деді. Жүргізуші “көрсетіңіз” деді. Жүргізуші смс-пен төленбейтінін біліп тұр. Ал, жолаушы көрсете алмай тұр. Сосын іштегі жолаушылар жүрейік деді. “Келесі аялдамадан түсіңіз. Оған дейін төлеп үлгеріңіз” деді жүргізуші. Көпірдің үстіне келгенде, жолаушы ұялды ғой, мені көпірдің үстінен түсір деді. Жолаушы басында жүргізушіге сыпайы сөйлеп тұрды да, артынан артық кетті. Боқтап, балағаттады. Бірақ, жүргізуші оған ештеңе деген жоқ, қарсы шыққан жоқ. Бірақ жүргізуші әйел де шыдамай кетіп, “ал, ұр, істей аласың ба?” деді. Біз айтып үлгергенше, бізге қарап тұрып, екі рет ұрып жіберді. Біз оны ұстап үлгере алмай қалдық, - дейді оқиға куәгері.

Айта кетейік, бұған дейін жүргізуші өзіне сотқа дейін қылмыстық іс қозғалатынын айтты. Алайда полицияның мәліметінше, автобус жүргізушісі адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде тергеуге шақырылған.