11:50, 22 Тамыз 2024
Алматыдағы Олимпийская көшесінде болған лай көшкініне 1,5 млрд теңге бөлінді
Алматыдағы Олимпийская көшесінде болған лай көшкінінің зардаптарын жоюға 1,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Досаевтың сөзінше, жұмыстар қазан айында аяқталады.
Бүгінгі таңда 1 500 м² еңістік аумағы қоқыстан тазартылды, 800 м³темірбетон құрылғылары бөлшектеліп, 220 м³ габион құрылғылары орнатылды, керегелі-торлы жүйені орнату жалғасуда. Осы жылдың қыркүйегінде дренаждық құбырлар, арық жүйесі мен құдықтар орнатылады. Жұмыстар 2024 жылдың наурыз айынан бастап жүргізіліп жатыр, аяқталу мерзімі – осы жылдың қазан айы. Бұл жұмыстарға 1,5 млрд теңге бөлінді, - деді қала әкімі.
Айта кетейік,2024 жылдың ақпанында қайғылы оқиға орын алған Олимпийская көшесіндегі лай көшкіні салдарынан үш адамнан тұратын отбасының өмірін қиылған болатын.