Live

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент оқытушыға пышақпен шабуыл жасаған

Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттің оқытушыға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде тарады. Кейін бұл мәліметті полиция департаменті растады.

қылмыс

«Оқиға Алмалы ауданында болды. Күдікті қылмыс ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір барлық мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен оқытушының жағдайына қатысты мәлімет нақтыланып жатқанын мәлімдеді.

Ресми емес деректерге сүйенсек, жанжал ALT University аумағында орын алып, студенттің оқу үлгеріміне қойылған бағаларға байланысты туындауы мүмкін.

Тегтер: Алматы
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз