Қоғам

Алматылықтар Досаевқа қарсы митингке шықты

Алматыда Өжет шағын аудан тұрғындары қала әкімі Досаевқа қарсы әкімшілік аумағына митингке шықты.

Алматы

Красноармейская көшесіндегі «Өжет» шағын ауданының тұрғындары Тілендиев көшесін БАКАД-қа ашу үшін үйлерін бұзуға қарсы.

Айтуларынша, әкімдік жоспары жүзеге асса, бақшасы бар 200-ге дейін жеке үй сүріледі. Сондықтан олар, әкімдіктің бұл жобаны тұрғындармен талқыламай мақұлдап, халыққа жай ғана шешімді ұсынып отырғанына наразы.

Тұрғын үй иелері өтемақы ұсынылса да, үйлерін тастап кетуді жоспарлап отырған жоқ және автожолы жоқ өз аймағында тыныш өмір сүргісі келетіндерін айтады. 

Тегтер: Алматы Досаев
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз