Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:58, 04 Мамыр 2024

Алматының 100-ден астам кәсіпкерлері мен тұрғындары заңгерлік кеңес алды

1
Фото: из открытых источников

Мемлекеттік органдар басшылары мен білікті ерікті заңгерлер қатарынан құралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ Алматы қаласының 100-ден астам кәсіпкеріне құқықтық кеңес берді. 

Мобильді топтың негізгі мақсаты азаматтардың заң консультацияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету және олардың өзекті мәселелерін заңға сәйкес жедел шешу болып табылады. 

Халыққа ыңғайлы болу үшін іс-шараны өткізу орны ретінде 340-тан астам бизнес субъектісі орналасқан «Атакент молл» сауда-ойын-сауық орталығы таңдалды.

Мәселелердің көпшілігі салық салу, кедендік әкімшілендіру, жер қатынастары және құрылыс салалары бойынша көтерілді.

Акция барысында азаматтар 9 білікті заңгер-еріктілерден және қаланың 12 мемлекеттік органдарының басшыларынан тегін құқықтық көмек пен кеңес алды.

Мемлекеттік органдар тарапынан шаралар қабылдауды талап ететін мәселелер Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Аталған іс-шара «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» және «Бизнеске жол» жобаларын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Осындай көшпелі консультациялар қаланың басқа да сауда-ойын-сауық орталықтарында жалғасатын болады.

Тегтер: