Қоғам

Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

2021 жылдың 26 ақпанында сағат 12.26-да​ Іле ауданы Боралдай кентінде Боралдай-Кеген бағытында санитарлық авиация әуежайынан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышында ақау шығып, жерге шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Алматы облысында  АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды. Оқиға болған жерге ТЖД-ның 7 қызметкері мен 2 техника, «Боралдай» авиациялық қауіпсіздік қызметінен 15​ қызметкер мен 5 техника барды.

"Ұшақта экипаждың 2 мүшесі және 3 жолаушы болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", — делінген хабарламада.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз