Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:18, 22 Қараша 2021

Алматы облысында су қоймасының бөгеті жарылды

None
None

Алматы облысында Книжевск су қоймасының бөгеті жарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап, 

Оқиға 2021 жылдың 21 қарашасында сағат 23.

13-те Мыңбаев ауылы маңында болған. Су қоймасының көлемі 4,47 миллион текше метр, қазіргі уақытта ол 50 пайызға толы.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, үйлерді су басқан жоқ. Облыстық Мыңбаев – Қасымбек автожолы арқылы су тасқыны өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын шектеу үшін бекеттер орнатқан.

«Су көлемі азайып келеді. Қарғалы өзенінің арнасынан айналма жол жүріп жатыр. Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлерімен бірлесіп, Төтенше жағдайлар министрлігі ғимаратында жою штабы құрылды», — деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Тегтер: