Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:08, 30 Қараша 2024

Оңтүстік Кореяда Солтүстік Корея аумағы көрінетін Starbucks кофеханасы ашылды

1
Фото: reddit.com

Оңтүстік Кореяда Солтүстік Кореямен шекаралас жерде Starbucks кофеханасы ашылды

Бұл туралы ВВС жазды.

Кофехана Эгибонг саябағында – Солтүстік Кореяға қарайтын бақылау палубасында орналасқан. Кофехана мен бақылау алаңына жету үшін келушілер әскери бақылау бекетінен өтуі керек.

Жұма күні, 29 қарашада осындай ерекше жерде кофехананың ашылуына 40-қа жуық адам жиналды. Кафеде 30 келушіге арналған орын бар.

Кофеханадан КХДР шекарасына дейінгі қашықтық небәрі 1,5 шақырымдай. Starbucks терезелерінен КХДР-да орналасқан сөнген Сонггаксан жанартауы мен Солтүстік Кореямен шекаралас ауылдың көруге болады.

Оңтүстік Кореямен шекаралас Гимпо қаласының Кёнги провинциясының билігі Эгибонг саябағында Starbucks ашу туралы шешімнің аймаққа көбірек туристерді тарту үшін қабылданғанын айтты. Сондай-ақ, қала билігі атап өткендей, КХДР жанында осындай әйгілі «капиталистік брендтің» болуы Корей түбегіндегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсетеді.

Эгибонг саябағы 1950-53 жылдардағы Корей соғысы кезінде қираған төбеде орналасқан. Бақылау алаңынан басқа саябақта соғыс ескерткіші, бақтар, конференц-орталық және көрме бар.

1
Фото: Getty Images

«Мен бұл дәмді кофені біздің көз алдымызда Солтүстік Кореяда тұратын адамдармен бөліскім келеді», - деді 48 жастағы Пэк майдан шебін бақылап отырып.

Екі Корея 1950-53 жылдардағы қақтығыстар бейбітшілік келісімімен емес, бітімгершілікпен аяқталғаннан кейін әлі де соғысып жатыр.

1
Фото: reddit.com

Өткен айда Пхеньян оңтүстікпен ешқашан қосылмайтынын айтып, өз шекарасындағы корей аралық жолдар мен теміржол желілерін жарып жіберді. Солтүстік Корея сонымен қатар шекарадан қоқыс, ескі батареялар мен көң таситын мыңдаған шарларды жіберді, олардың біреуі Сеулдегі президент  сарайына қонды.

Адамдардың айтуынша, бір шыны кофе елдер арасындағы татулықтың болашағын шынайырақ етеді.