Алматыда 12-ші аурухана түгел карантинге жабылды
Алматықаласының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасимова Орталық қалалықклиникалық аурухананың толықтай карантинге жабылғанын мәлімдеді.
«Бүгін 12-ші аурухана толығымен карантинге алынды. Олар ендінауқастарды қабылдамайды. Бәрін бүтіндей жапты», — деді ол.
13 сәуірде Алматыда тағы 27 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 21-і әйелдер, оның ішінде біржүкті әйел бар және алтауы — ер адам. 20 адам — қалалық орталық клиникалықаурухананың қызметкерлері. Жеті адам — балалар жұқпалы ауруларауруханасының қызметкерлері.
Бұған дейін аталмышаурухананың дәрігерлері «Жас Алаш» сайтына шағым білдіргенболатын.