Қоғам

Алматыда балалардың мерекелік шеруі өтті

Балаларды қорғау күні жаңарған Жібек жолы көшесініңбойында Алматы қаласыныңбалалар мен жасөспірімдер музыкалықоркестрлері мен ансамбльдерініңпарады өтті.

Алматыда балалардың мерекелік шеруі өтті
Мерекелік шеру Жібек жолы мен Абылайхан көшелерінің қилысында басталып, ерте келген көпшілік балалардың шығармашылық ұжымдарының өнерін де қоса тамашалады. Бұдан кейін шеру жаяу жүргіншілердің қайта жаңарған Панфилов көшесімен жүріп өтіп, Астана алаңында ерекше флэшмобпен аяқталды. Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде  Бейбіт Кушкалиев, Меломен, МузАрт Life, мектептің «SMart» балалар хоры және көптеген басқалар өнерін тамашалады. Ең кішкентай қоанқтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылды.Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз