Алматыда бес адамның өліміне әкеп соққан өртке күдікті әйел ұсталды
Алматыда бес адамның қаза болуына әкеп соққан жеке үйдегі өртке қатысты күдікті анықталып, ұсталды.
Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданында болған. Өрт сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдікті болуы мүмкін әйелдің қозғалыс бағытын анықтаған. Осы арқылы оқиғаның мән-жайы қалпына келтірілген.
Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы жағдайға жеке бас араздығы салдарынан үйді қасақана өртеу себеп болған.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 37 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.