Аймақ

Алматыда бір көше жаз бойына жабылады

Алматыда жылу желілерін қайта жабдықтау жұмыстарына байланысты жазда Эксперименттік база көшесіндегі жол жабылады, — деп хабарлайды «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері.

Алматыда  бір көше жаз бойына жабылады

Көше 2021 жылдың 8 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында жабық болады. 

«Шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистраль құбырды жоспарлы ауыстыру жұмыстарына байланысты.

Қолайсыздықтарға түсінікпен қарап, бұл учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», — деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз