Қоғам

Алматыда бұрынғы шенеуніктерге қатысты резонансты іс қайта қаралды

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджанов тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот

Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бұған дейін оған тағайындалған 11 жылдық жаза биыл ақпанда күшін жойған болатын.

Бұл іс бойынша өзге де айыпталушыларға жаза тағайындалды. Ардақ Самамбетов бес жарым жылға, Ерлан Жармаханбетов 13 жылға, Алмазхан Бакиров сегіз жылға сотталды. Ал екі кәсіпкерге шартты жаза беріліп, рақымшылық аясында олардың мерзімі төрт жылға дейін қысқартылған.

Іс 2025 жылдан бері жалғасып келеді. Тергеу элиталық тұрғын үй кешендерін салуға жер телімдері мен құрылысқа рұқсаттарды заңсыз беру деректеріне қатысты жүргізілген. Іс аясында 25 эпизод зерттеліп, 250 куәгерден жауап алынған.

Алғашқы сот үкімі процестік заң бұзушылықтарға байланысты күшін жойған. Осыдан кейін іс қайта қаралып, сот жаңа шешім шығарды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Оған апелляциялық тәртіппен шағым түсіруге болады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз