Саясат

Алматыда «Халық Құрылтайының» отырысы өтті

Бүгін Алматықаласында «Халық Құрылтайы» ұйымдастыру тобының отырысы өтті. Отырысқа БалташТұрсымбаев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Хасан Қожахмет, Марат Тоқашбаев, Ермұрат Бапи,Жанболат Мамай сияқты азаматтар қатысты.

Алматыда «Халық Құрылтайының» отырысы өтті

Жиын барысында сөз сөйлеген саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы«Халық құрылтайының» форматы қазіргі жағдайда ең тиімді екендігін айтты. Оныңпікірінше, дәл қазір халық бейбіт митингіге шығуға дайын емес және «Халыққұрылтайы өкілдері» осыған байланысты ағарту жұмыстарымен айналысуда.

Құрылтайдың Шымкенттік өкілі Шаруа Пірматтің пікірінше,«Халық құрылтайы» осы уақытқа дейін нақты жұмыс атқармады. Құрылтайдың нақтықұрылымы жоқ.

«Бастапқыда «Халық құрылтайы» биліктің «Қоғамдық сенімкеңесіне» балама болады деген жоспар болған. Бірақ біз қазір соған баламаболатындай жұмыс істеп отырған жоқпыз. Бізге белсенді жұмыс істеу үшін тұрақтықызмет атқаратын штаб құрылуы тиіс. Құрылтайдың жұмысын жұртқа жеткізу қажет» — деді Шаруа Пірмат.

Пірматтан кейін сөз алған саясаткер Балташ Тұрсымбаев: «Біздеазаматтар бір-бірін жамандайды. Жанболат Мамайды қазір елдер сынайды. Құрсынпартия, жұмыс істесін жігіттер. «Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесі» деп жатыр. Бізодан жоғарымыз. Оның мүшелерінің тең жартысы жемқор» — деді.

Жиын соңында ұйымдастыру тобы алдағы уақытта өтетін«Халық Құрылтайының» тақырыбын бекітіп, талқылайтын мәселелер тізімін бекітті.Оның ішінде «Қытай экспанциясы», «адам құқықтарын қорғау» мәселелері бар.

Бұған дейін «Халық Құрылтайы» елорда және Алматы қалаларындаөткен. Ол кезде құрылтай өкілдері «Қытай экспанциясы», «алда келе жатқанпарламент сайлауы», «бейбіт митинг өткізу» мәселелерін талқылап, осығанбайланысты билікке талаптар қойған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз