Қоғам

Алматыда карантинді сақтауға қатысты бақылау күшейтілді

Алматыда қаладағы карантиндік шаралардың сақталуын бақылайтын бақылау топтарының жұмысы күшейтілді, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Алматыда карантинді сақтауға қатысты бақылау күшейтілді

 

Қазіргі уақытта мониторингтік топтардың саны 32-ге дейін ұлғайтылды. Биылғы жылы 1 қаңтардан 13 наурызына дейін 7 648 объектіге 986 рейд жүргізілді, онда карантиндік іс-шараларды бұзған 667 объект анықталды. Жалпы сомасы 77,42 млн.теңгеге 699 хаттама жасалды.

Сот органдарына 57 талап жолданды, оның 20-да қызметті тоқтату туралы шешімдер қабылданды. 2020 жылы қалада 26 бақылау тобы құрылды, олар 21 590 объектіге 3149 рейд жүргізді.

Шектеу шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 333,16 млн.теңгеге 5182 хаттама жасалды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз