Қоғам

Алматыда кішкентай баланың ернінен сүйген 23 жастағы қызға қатысты тексеру басталды

Әлеуметтік желіде әйел адамның кішкентай баланың ернінен сүйіп жатқан сәті түсірілген видео тарады.

полиция

Алматы полициясы видеодан кейін оқиғаға қатысты тексеру бастады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, видеодағы әйел 23 жаста және ол баланың анасының құрбысы болып шыққан. Қазір оның әрекетіне құқықтық баға беру үшін тексеру жүргізіліп жатыр.

Оқиғаны телефонға түсірген баланың анасы да жауапқа тартылған. Полиция оны баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз