Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың жағдайы нашарлады
Алматыда коронавирус жұқтырып,ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы нашарлады.
Бұл туралы Қоғамдықденсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.
«Бүгінде 20науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы — орташа ауыр. Қазіргіуақыта 696 адам ауруханада жатыр, 1 108 адам үй карантинінде», — дедіӘбілдаев. Екіжасар қыздың жағдайы орташа ауыр екені айтылады.
Еске салайық, мұның алдында екіжасар қыздың және анасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Соңғымәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті.«20 наурыз 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтырутуралы. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде елде барлығы 49адам, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыдатіркелді», — делінген еді хабарламада.