COVID-19

Алматыда қайтыс болған науқас жайлы жаңа деректер шықты

БүгінАлматыда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған науқастан вирус 17 сәуірдеанықталған, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда қайтыс болған науқас жайлы жаңа деректер шықты

Науқас1964 жылы туған. Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия,созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлыпневмония. «22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсізболуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалықгемодиализ сеансын алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорганжетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады», — делінген хабарламада. Биологиялық өлім сағат 07:00-де анықталды. Қорытындыдиагноз: расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымшааурулар. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2207 адаманықталды. Жалпы 20 адам қайтыс болды. 

Басқа да ақпараттарды толықтай мына жерден оқи аласыздар.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз