Live

Алматыда ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары эвакуацияланды

28 қазанда Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары ғимараттан шұғыл эвакуацияланды.

Қазұу

 Әлеуметтік желіде оқу орнына бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады.

Оқиға туралы алғашқылардың бірі болып Threads қолданушылары жазған. Олардың бірі университет ғимаратынан шығарылған студенттердің далада тоңып тұрғанын айтып, жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпараттың рас-өтірігін сұраған.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Белгілі болғандай, университет ғимаратынан иесіз қалған сөмке табылған.

Күдікті зат туралы хабар түскен соң оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жеткен. Қауіпсіздік мақсатында студенттер мен оқытушылар ғимараттан шығарылған.

"Тексеру барысында сөмкенің студенттердің біріне тиесілі екені және оның ішінде оқу құралдары болғаны анықталды. Табылған зат ешқандай қауіп төндірмеген", – деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырып, күдікті зат табылған жағдайда 102 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті. 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: ҚазҰУ
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз