Live

Такси шақырып, жүргізушінің көлігін тартып алған: әйел 2,5 млн теңге шығын келтірді

Такси шақырып, жүргізушінің көлігін тартып алған: әйел 2,5 млн теңге шығын келтірді

көлік

Шығыс Қазақстан облысында 33 жастағы әйел такси жүргізушісінің көлігін рұқсатсыз тізгіндеп, маневр жасаған. Оқиға салдарынан көлік иесіне 2,5 млн теңге шығын келген.

Белгілі болғандай, әйел такси шақырып, жүргізушіден өзін бірнеше мекенжайға апаруды сұраған. Соңғы нүктеге жеткенде жүргізушінің көліктен шыққанын пайдаланып, өзі рөлге отырған. Содан кейін көлікпен түрлі маневр жасай бастаған.

Полиция әйелдің мас күйде болғанын және көлік жүргізу құқығы жоқ екенін анықтады.

Осы дерек бойынша көлікті заңсыз иемдену бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Такси
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз