Саясат

Алматыда заңсыз қаруды тәркілеуге арналған операция жүріп жатыр

Алматыда 7 ақпаннан бастап заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеуге арналған "Қару" іс-шарасы өтіп жатыр, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда заңсыз қаруды тәркілеуге арналған операция жүріп жатыр

Қала полициясының басшысы Қанат Таймерденов іс-шараның мақсаты жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және оны ашу екенін айтты.

«Алматы полициясының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. „Қару“ жедел алдын алу іс-шаралары тіркелмеген қаруларды заңсыз айналымнан шығаруға мүмкіндік береді», — деді Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, полиция іс-шара аясында қару сақталған ғимараттарда қауіпсіздік жүйесі бар-жоғы және оның қолданысы тексерілетінін айтты.

«Алматы полициясында қару қабылдау науқаны өтіп жатқанын еске саламыз. Заңсыз қаруы бар азаматтарға оны өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, қару мен оқ-дәрiлердi тапсырғандардың қандай да бiр қылмысқа қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырмаған азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», — деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз