Әлеумет

Алматыға кіруге және қаладан шығуға рұқсат етілген адамдардың тізімі кеңейтілді

«Алматыәкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабемделуге жіберілген және денсаулық жағдайы бойынша өз бетінше жүріп-тұруғамүмкіндігі жоқ азаматтармен бірге келетін адамға қалаға кіру немесе шығуғарұқсат беру туралы шешім қабылдады.

Алматыға кіруге және қаладан шығуға рұқсат етілген адамдардың тізімі кеңейтілді

Медициналық мекеменің жазбаша жолдамасымен,бір автомобильде бір ғана адам науқаспен еріп жүруіне рұқсат етіледі. Бұлшаралар созылмалы ауруларды емдеу, жоспарлы операциялар жүргізу бойыншауақытылы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматығаарнайы шақырту бойынша ҚР басқа өңірлерінің құқық қорғау және арнайыоргандарының (ҰҚКД, Прокуратура, ЭТД, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресқызметі, ЖКҰБ, ҚР МҚК, ЖП, Ұлттық гвардия, ҚМ, ТЖД) қызметкерлері мен көлігінеғана кіруге және қаладан шығуға рұқсат етілген болатын.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз