Алыпсатарлыққа жол берілмейді-Тоқаев шектік баға сақталуы тиіс екеннін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтеншежағдай кезінде азық-түлікке байланысты алыпсатарлық пен дүрбелеңге жолберілмейтінін мәлімдеді.
«ContinentalLogistics көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлікжеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толыққамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қорқалыптасып жатыр», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Президент Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыруқорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек екенінайтты.
«ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлгенжөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бартауарлардың „шекті бағасы“ сақталуға тиіс», — дедіПрезидент.
Тоқаев Орталық Азия елдерімен өзара ниеттестік белгісі ретіндеҚазақстан мұқтаж елдердің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда гуманитарлық көмеккөрсетуге әзір екенін жеткізді.