Аналар ашыққан елде демографиялық дүмпу қайдан болсын?
Қазір әлем елдері экономикасынсақтап қалу үшін қарманып жатқан кезең. Әлемді жайлаған пандемиямен бірге,күніне қырық құбылатын «қара алтын» бағасы озық елдердің де қабырғасынқайыстырып тұр.
Осы жайттарды ескере келе,демограф мамандар «экономикалық дағдарыстың арты демографиялық дағдарысқаұласса қиын болады» деп, дабыл қағып отыр. Бұл мәселені назарда ұстаған Ресейдепутаттары пандемия басталғалы бері көпбалалы аналар мемлекеттік қолдаудынақты сезінуі керегін айтып, Ресей билігіне ұсыныстарын төтесінен қоя білді.Сол-ақ екен, Ресей үкіметі «Ана капиталын» 2021 жылдан бастап қайта өсіретінболды. Бұған дейін Ресейде екінші баланы өмірге әкелген аналардың үкіметіненалатын бірреттік «ана капиталы» 453 026 рубль болса, бұл сома 2021 жылы 470 241рубль болып өсетін болды. (Теңгеге шағып көрсеңіз, қомақты сома).
Бұған қоса, Ресейде үшінші баланыдүниеге әкелген аналарға 10 сотық жер беру, ауыл шаруашылығы бизнесіменайналысу тәрізді толып жатқан жеңілдіктер қарастырылған. Сол сияқты Жапонияүкіметі де «Бала капиталын» 2020 жылдың күзінен бастап өсіретіндіктерін мәліметті. Енді жапондардың өмірге екінші нәресте әкелген аналары келер күзденбастап 500 евро жалақы алып отыратын болды. Бағамдасақ, көптеген елдердемографиялық саясатын оңдауға тырысып-ақ жатыр. Ал бізде қалай?
Негізінде, біз әу бастандемографиялық дағдарысқа бейім халықпыз. Бұған қатысты сала мамандары «бізгеболашақта демографиялық саясатты анықтаған абзал, себебі алдағы уақыттаэкономикалық дағдарыстан бөлек, демографиялық дағдарыс та қыса түседі» депотыр.
Жалпы, деректерге үңілсек,демографиялық тасқын біздің ұлтымызда 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардыңбасында жүріп өтіпті. Сол жылдары әр 1000 қазақ әйеліне шаққанда 225 баладанкелсе, 1990 жылы бұл көрсеткіш 130-ға; 1998 жылы 82-ге дейін, ал қазір тіптіекі-үш есеге төмендеп кеткен. Әлеуметтанушы маман Жандос Тілеукин: «Адамәлеуметтік жағдайдың төмендігінен бала санын шектейді. Жасыратыны жоқ, қазіргітөтенше жағдайда көптеген аналар ашықты. Әлеуметтік желілер арқылы көмексұраған, турасын айтқанда алақан жайған, аналар көбейді. Аналар алақан жайғанелде демография өспейтіні онсыз да белгілі. Үйсіз-күйсіз жүрген қаншама анажүр. Ашыққан аналардың жайы ойлантуы керек. Мұның арты ұрпақ өсімін тежейді», –деп ашынды.
Маманның пайымынша, біз бала туужасындағы әйелдерге әлеуметтік қолдау көрсетуден танбауымыз керек. Мейлі, балатуу жасындағы әйелдің айлық жалақысы жоғары болсын, мейлі төмен болсын, мемлекеттікдеңгейде төленер төлем жоғары болуы қажет. Бірақ, ашығын айту керек, біздіңелдегі
аналардың қолы жоғары төлемге әліжете қойған жоқ. Мысалы, бізде әлеуметтік сақтандыру қорына ақша аударатын 2миллион 800 мың әйелдің 1,2 пайызы ғана 200 мың теңгеден артық айлық аладыекен. Солардың өзіне бала туғанда берілетін бірреттік жәрдемақы көлемін үкімет1 миллион теңгеден аспайтындай етіп шектеу енгізіп тастағаны белгілі. Жұмысістейтін әйелдер үшін, әрине, бұл аз сома. Ресейде, Өзбекстанда, Әзірбайжанда,Түркияда жұмыс істейтін әйелдерге 10-15 мың доллар көлемінде декреттік төлемтөленетінін ескерсек, олармен салыстырғанда біздікі, әрине, мардымсыз.
Хош делік, жұмыс істейтін әйелдербаланы дүниеге әкелгенде аз болса да, 1 млн теңгеге қол жеткізеді ғой, ал жұмысістемейтін әйелдерге төленетін сома тіпті қарын аштырады. Елде бала дүниегекелгенде төленетін бірреттік төлемнен бөлек, әр балаға тағайындайтын жәрдемақымөлшері бар. Бұған қатысты үкімет 2019 жылы «әр балаға 21 мың теңгеденжәрдемақы төлейміз» деп алып, артынша оны ел бюджеті көтермеді ме, әйтеуір,алты айға жетер-жетпестен бұл бастама тұншығып жоқ болды. Осыдан кейін еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының табысына қарамастан, әрбалаға 10 мың теңге көлемінде жәрдемақы төлейтін болып шешіп, балалар санынақарай, сараланған мөлшерде 42 500-ден (4 бала) 74 400 теңгеге дейін (7 жәнеодан да көп бала) төленетін жәрдемақы енгізді. Осы бастаманы жүзеге асырамындеп жүріп, «Әр балаға 10 мың теңгеден асырып төленеді. 15 бала тапсаңдар – 159мың теңге алуға мүмкіндіктерің бар», – деген Біржан Нұрымбетовтің сөзі бұқараарасында біразға дейін қызу талқыға түсті. Жұрт аузына қараған министрдің бұлтәмсілі «қисық сөз күлмекке жақсы» дегенге айналды.
Халықты әлеуметтік тұрғыдақорғауы тиіс министріміз осылай деп жатқанда, қазақтың санын тізбелеп жүргендемографтар «бұл бала санын саналы түрде шектеуге апаратын қадам» деп ашынды.Демограф-маман Айдархан Ілесбековтің айтуынша, кезіндегі бүкілодақтық санақтыңсоңғы деректері бойынша 1990 жылы тәжіктер – 45; қарақалпақтар – 39; өзбектер –34; түрікмендер – 30; қырғыздар 32 пайызға өскенде, біздің қазақтар 24 пайызғағана өскен екен. «Кеңестік кезеңде де қазақтың санын саналы түрде өсірмеу үшінтүрлі саясат қолданылғаны баршаға белгілі. Қазақтың басынан түрлі нәубет заманөтті. Ал қазір біздің үкіметке бюрократиялық шешімдерден арылатын кез келді.Біз болашақта қазақтың санын өсіреміз десек, әйелдерге төлем жасауды текміндетті сақтандыру қоры арқылы ғана жүргізбей, бұл мәселеде ерікті жәнекәсіптік сақтандыру қорларын тетікке қосу керек», – дейді Айдархан Ілесбеков.
Маманның бұл ретте айтып отырғаныНорвегия, Нидерланды елдерінде әйелдер ерікті сақтандыру қорларынан бір төлемалса, кәсіптік сақтандыру қорлары, яғни жұмыс орнынан ашылған қорлардан біртөлем және мемлекеттік сақтандыру қорларынан бір төлем алады. Осылайша бірқатарелдердің әйелдері үш бірдей мекемеден декреттік төлем алып, бала күтімімен үшжыл бойы алаңсыз айналысады. Тіпті кейбір елдер зейнетақы қорынан да ана менбаланың әлеуметтік жағдайын жасауға жыл сайын қаржы бөліп
отырады. Ал біз, керісінше,зейнетақы қорындағы және Ұлттық қордағы қаржыны түрлі салаларды қолдауға бөліпотырамыз. Ол салалардың кейбірі бөлінген қаржыны ұқсата алмай, қолға алған ісінқожыратып алып жататыны тағы бар.
Жалпы, демография – өткір мәселе.Бұған қатысты сыртта жүрген қазақтарды бауырға тарту жайы да назардан тысқалмауы керек. Мысалы, ресми деректерге сәйкес, қазір алыс-жақын шетелдегі тегіметис пен маргиналдары бар қазақтың жалпы саны 6 млн 100 мыңнан асатынынескерсек, бұл жерде әлі талай шешілмеген проблема бар екенін пайымдаймыз. Бұларада сыртқы демографиялық саясатты қоя тұрып, ішкі демографияны жолға қоямыздесе, онда біздің билікке болашақ ұрпақ өсімін еселеу үшін тым құрығандаРесейдің мемлекеттік «Ана капиталы» мен жапондардың мемлекеттік «Балакапиталын» қамдау үрдісін үйренсе, жөн болар еді. Тіпті бірқатар елдерде балатуа салысымен арнайы депозит ашылып, оған мемлекет белгілі бір мөлшерде қаржықұйып, ол жинақталған соманы бала 18 жасқа толғаннан кейін өз қажетіне жаратаалады. Осындайда дамыған және дамушы елдің балалары тумай жатып тұрғын үйменқамтылып жатқанда, біздің елдің баласына неге мұндай ықылас жоқ деп еріксізқынжыласың.
Тақырыпқа тұздық
Бала тапса, қазақ әйелдерініңөзін-өзі дамытуға күші жетпей қалады
Қазақстанда 20 баланы өміргеәкелген жалғыз ғана Қамаш Сейітжанова атты анамыз бар. Қамаш апаның ең кенжесіКенжеғұл туабітті зағип болып өмірге келді. Бірақ сонысына қарамай, Кенжеғұлжоғары оқу орнын бітірді. Қазақстанда алған білімін шетелдерде жалғастырды.Қазір Кенжеғұл Сейітжан алты тілді меңгерген, спортпен шұғылданатын белсендіазамат. Қоғамда болып жатқан мәселелер оны алаңдатпай қоймайды. Әсіресекөпбалалы аналардың жайына бейжай қарай алмайды. Тақырыпқа орай, «Жас Алашқа» сұхбатберген 20 баланың сүт кенжесі Кенжеғұлдың айтуынша, елімізде көпбалалы аналарғаәлі де болса өз деңгейінде жағдай жасалып отырған жоқ.
– Кенжеғұл, сен біліміңдіжетілдіремін деп, Жапония, Германия, Португалия, Финляндия, Польша елдерінкөрдің. Білім алдың, тілді меңгердің. Көптеген елдердің тарихын жетік білесің.Сұрайын дегенім, осы сен тарихын ақтарған шет мемлекеттерде анаң сияқты 20баланы өмірге әкелген абзал аналар бар ма екен?
– Рас айтасыз, бірқатар елдердікөрдім. Бірнеше тілді меңгердім. Сіз айтып отырған шетелдерден басқа дакөптеген елдерді араладым. Бірақ менің анамдай, 20 баланы өмірге әкелген асылжанды кездестірген жоқпын.
Жапонияда оқығанымда бес баласыбар отбасыларды кезіктірдім. Бес бала деген – жапондар үшін ең көп бала болыпсаналады. Ал, негізінде, оларда үш баласы бар отбасылардың өзін асақұрметтейді. Үш баласы бар отбасы Жапонияда көпбалалы отбасына жатады. Оларғаөкіметтен берілетін көмектің түр-түрі қарастырылған. Ал Германияда екі баласыбар отбасылардың өзіне әлеуметтік төлем тағайындалған. Олардың анасы менәкесіне бірқатар жеңілдіктер бар.
– Мысалы, қандай жеңілдіктер,атап айтқанда?
– Мәселен, Жапонияда үш баласыбар аналарға жәрдемақыдан бөлек, жеңілдіктер картасы беріледі. Ол картаменаналар қоғамдық көлікте тегін жүру, бір қаладан екінші қалаға баратынкөліктерге 50 пайыздық жеңілдікпен билет алу, коммуналдық төлемдерге 50пайыздық жеңілдік, мемлекеттік дүкендерден жеңілдікпен азық-түлік, киім-кешекалу тәрізді мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Жапондардың көпбалалы аналарғаарналған бір ғана жеңілдік картасының өзі аналардың өмірге деген құштарлығыноятады. Сосын Германияда, Жапонияда болсын, Польшада делік, оларда баласы біржасқа толмай, анасы жұмысқа шығатын болса, жұмыс арасында анасына үйіне барып,баланы емізіп келу үшін жағдай жасайды. Жас баласы бар ана жұмыс берушігебарып, «баламды емізетін уақытым болды» десе, арнайы көлік беріледі, соныменбарып, баласын емізіп келеді. Ал бала бір жасқа толғаннан кейін балабақшағаорналастыру жағы да олар үшін бас ауыртатын мәселе емес.
Бала бір жасқа толды ма,көпбалалы ана «жұмысқа шығамын» десе, балабақшаға орналастыру жағын жергіліктімемлекеттік органдар реттеп, ананың алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайды.Біздегі сияқты балаңды қарататын кісі таппай, абдырап қалу деген жоқ. Ондаймәселеге жапондықтар да, германиялықтар да бас ауыртпайды. Олар балаларынбалабақшаға береді немесе күтуші жалдайды. Күтуші жалдаса да, мемлекеттенбөлінетін белгілі бір сома бар, соны жеңілдік картасы арқылы төлеп отырады.Жапонияның бала күтімімен үйде отырған әйелдерінің өзі бір кісідей жалақы алыпотырады. Біз сияқты декретке шыққанда жалақының 40 пайызын есептеп беру дегенжоқ. Оларда декреттегі әйелге арнайы жалақы тағайындалады. Жапония әйелдерібала күтімі үшін ай сайын 800 доллар көлемінде жалақы алса, Германияда 900 еврокөлемінде жәрдемақы алады. Сондай-ақ аталмыш елдерде баланы ауруханаға апаратынболса, әкесін де жұмыстан босату жағы қарастырылған. Ол елде балалардың әкесі«бүгін ауруханаға баратын күніміз» десе болды, басшылық сөзге келместен,балалардың әкесіне де рұқсат береді. Жалпы, көпбалалы аналарға жұмыс істегенде,ауыртпалық жүктелмейтінін де аңғардым.
– Осы жайттарға қарап, біздіңелдегі аналардың жайын салыстырып көрген кезің болды ма?
– Әрине, болды. Біздің елімізде20 баланы өмірге әкелген жалғыз ана бар. Ол – менің анам. Бірақ үкімет оғантиісті жағдай жасай алды деп айта алмаймын. Анам балаларын жалғыз өзіжетілдірді. Барлығымызды оқытты, тоқытты. Менің көзім көрмегендіктен, оқуғажетектеп өзі апарып жүретін. Өз күшімізбен үй алдық. Жалпы, қазір елдекөпбалалы аналар мәселесі жиі көтеріліп жатыр. Өз басым біздің елдегі бесбалалы ана мен Жапон еліндегі немесе Германиядағы үш баласы бар ананың жағдайынайтсам, екеуі салыстыруға да келмейді. Бізде көпбалалы аналарды бизнеске тарту,жұмыспен қамту, бизнеспен айналысу үшін аналарға мемлекет тарапынан субсидия,дотация беру, аналарды тегін бизнес курстарына тарту деген жайттарқарастырылмаған.
Қазақ әйелдері бала тапса,өзін-өзі дамытуға мүлде күші жетпей қалады. Себебі ол баласын жетектеп жүріпжұмыс істеуі керек. Ол жұмыстан айырылып қалмауы үшін жұмысқа шыға сала,баласын мүлде ұмытуы керек. Балабақшада орынның жоқтығынан баласын үйге қамапкетіп, шыбын жанын шүберекке түйіп, баласына алаңдап, күніне неше мәрте телефоншалып, жұмыс істейтін аналар бар. Негізінде, елімізде көпбалалы аналардың саны400 мыңға жетпейді екен. Осы санаулы ғана аналарға жағдай жасай алмайотырғанымыз, бір жағынан, қарын аштырады. Екінші жағынан, біздің әлеуметтікжағдайымыздың оңала қоймағанын айқын көрсетеді. Меніңше, біз үшін болашақтақұрғақ уәдені қойып, шынымен де ана мен баланың жағдайын жасауға қатысты нақтышараларға кірісетін кез жетті. Таяу болашақта мұндай күннің боларына сенейік.
Егер біз болашақта демографиялықмәселе туындамасын десек, осы жайттарды бұдан 10 жыл бұрын шешіп тастауымызкерек еді деп те ойланасың. Жалпы, ана – қоғамның айнасы. Ана қалай тәрбиелесе,бала солай иілгіш болады. Сондықтан ұлт болашағын, ұлт саулығын ойласақ, анамен балаға жағдщай жасала беруі керек деп есептеймін.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,
«Жас Алаш»