Саясат

Әңгімесі әкімнің – көп балалы Әйгерім

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар қаласына қарастыкішкене ғана Көшек ауылында 5 баласы бар жалғызбасты ана үйінен шығарда бала-шағасынқабырғасы қақырап, құлағалы тұрған үйге қамап кетуге мәжбүр болатынын айтады.

Әңгімесі әкімнің – көп балалы Әйгерім

Бұлтуралы Жас Алаш-тың өңірдегі тілшісіхабарлайды.

Жас ананың жайы мәжілісдепутаты Нұртай САБИЛЬЯНОВТЫҢ Көшек ауылындағы сайлаушылармен кездесуіндеайтылды. Теміржол бойында орналасқан шағын ауылдағы ағайын ортасына аудан әкіміАхметқали НҰРҒОЖИН, орынбасары Айдар ИБРАЕВ және Шар қаласының әкімі Мұратхан СӘКЕНОВТІерте келген Мәжіліс депутаты қазіргі қабылданып жатқан заңдарға, әлеуметтікмәселелерден туындайтын жайларға қатысты өз көзқарасын білдіріп әрі түсіндірекеліп, көшектіктердің жеке проблемаларына да құлақ түрген. Бірден айтар жайт,шағын ауыл сияқты көрінгенімен, Көшек ауылында Үкімет тарапынан берілетінсубсидиядан бастап, ауыл ішіндегі қоқыстан арылу, мал басына ие болу сияқтытұрмыстық жайлар да кеңінен қамтылды. Депутат Сабильянов әр сұрақ қойғантұрғынның білгісі келген жайын сөзін бөлместен тыңдап, аудан басшылығынақатысты жайттардың да куәсі болды. Сол тұрғындар арасынан сөз алған көп балалы жасана Әйгерім МУСАНОВА үйінің шатыры бүлініп, қабырғасы қақырағанын айтып шағынды.

— Менің қазір бес балам бар. Жалғызбастымын. Үй алғымкеледі. Көшектен Бірлік ауылына көшкім келеді. Бірақ, онда үй жоқ. Дегенмен,баспана жайым әбден қинады. Осы жайды жаңадан тағайындалған аудан әкіміАхметқали Нұрғожинге айтқым келеді, — деді Ә.Мусанова.

Қазіргі уақытта көпбалалы аналар мәселесі өткір күйде тұрғандықтан ба, жоқ әлде, осы мәселенішешіп беріп абырой жинағысы келді ме, депуттаттан бұрын Жарма ауданының әкіміАхметқали Нұрғожин Мусанованың жайына бірден назар аударды.

— Бес баласы бар Әйгерімнің ауылда қалуына күш салуымызкерек. Мектептің жайы 56 баладан аспайды. Халық санын көбейтіп, отбасылардықоныстандыруға неге болмайды? Мен бұл тәжірибені Катонқарағай ауданының әкіміболып тұрғанымда қолданғанмын. Ал, Әйгерімнің мәселесін біз шешіуіміз керек.Бес баласын алып көшіп кетсе, кімге жақсы? -деп сөз бастаған аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин Бірлікауылында оған сатылатын да, берілетін де бос үй жоғын айта келіп, «егер Әйгерім бес баласымен ауылданкетсе...»деген сөзді жиі қайталап, оның мәселесіне алаңдайтынын білдірді.

Әйгерімнің өзінсөзге тартқанымызда білгеніміз, мектепте 30 мың теңгеге жұмыс істейді. Көпбалалы ана ретінде 100 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады. Бірақ, үй мәселесіәбден қинаған жайы бар.

«Қазір балаларды сыртынан қамап кеттім амалсыз. Дегенмен,аудан әкімі мәселені шешеді деп үміттенемін» дейді көп балалы жас ана.

Әйгерімнің үмітісөнбеуін қалап аудан әкімі Ахметқал Нұрғожинге сауал қойғанымызда әлгінде ғана«Бес баласымен Әйгерім кетіп қалса...» деп екі алаңдап тұрған әкім жалт беріп,жауапты Шардың әкіміне сырғыта салды.

— Әйгерімнің жайы бәрімізді толғандыратыны рас. Біз оғанбірқатар жұмыстар да ұсынғанбыз. Алайда, үнемі бас тартады да жүреді. Дегенмен,оның баспана мәселесін шешіп беруге тырысамыз, — деп ақталды Шар қаласыныңәкімі М.СӘКЕНОВ.

Үйдің күйі болмай, тұрмыстауқыметін тартып жүрген жас, жалғызбасты ананың жағдайымен жақын танысқан Н.Сабильяновекі әкімге де өжет мінезді Әйгерімдей жас аналардың мәселесін шешуді созбаққасалмауды тапсырды. Ал, аудан әкімінің әңгімесі депутат кеткен соң өзгеріпкетпесе, Сабильяновтың көзінше аузынан тастамады, әйтеуір.

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз