спорт

Англия құрамасы футболдан әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткен матчында Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Англия футбол

Осылайша ағылшындар 1966 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін алғаш рет мундиальда жүлдеге қол жеткізді.

АҚШ-тың Майами қаласындағы «Хард Рок» стадионында өткен кездесуде Англия ойынның алғашқы минуттарынан басымдық танытты. Есепті 3-минутта Деклан Райс ашса, 18-минутта Эзри Конса есеп айырмасын ұлғайтты. Ал Букайо Сака бірінші таймның соңына дейін екі гол соғып, командаларын үзіліске 4:0 есебімен алып шықты.

Екінші таймда Франция құрамасы қарымта қайтаруға тырысты. Килиан Мбаппе дубль авторы атанып, Брэдли Баркола да мергендік танытып, есепті 4:3-ке дейін қысқартты.

Алайда 87-минутта Сака пенальтиден дәл соққы жасап, хет-трик авторы атанды. Қосымша уақытта Усман Дембеле Францияның төртінші голын соққанымен, матчтың соңғы нүктесін Джуд Беллингем қойып, Англия 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің үздік ойыншысы болып үш голдың авторы Букайо Сака танылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз