Қоғам

Әнімді Елбасыға арнаймын

«Астана Опера» театрының әртістеріне Елбасыға арналған операны орындаудан бас тартқаны үшін қысым көрсетілген.

Әнімді Елбасыға арнаймын
Бұл туралы журналист Әсем ЖАПІШЕВА өзінің фейсбук парақшасында жазады. 

«Мәжілістің вице-спикері Гүлмира ИСИМБАЕВАНЫҢ ұлы Рахат-Би ӘБДЫСАҒИН  Елбасыға арнап бүтін бір опера жазған. Кейіннен „Астана Опера“ театрының әртістеріне шығарманы орындау туралы ұсыныс айтқан. Алайда, алғашында әртістер „Путь, освещенный солнцем“ атты  операны орындаудан бас тартқан екен»,- делінген жазбада.

Айта кетейік, «Астана Операның» баспасөз қызметі бұл мәліметтерді жоққа шығарып отыр. Өздеріне қысым көрсетілмегенін, мұндай операның премьерасы 5 және 8 шілде күні өтетінін де теріске шығарды.

Фото: yunews.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз