Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:48, 14 Қараша 2024

Антикор бірнеше спортшыны атағынан айырды

бапкер
Фото: depositphotos.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірнеше  спортшыны спорттық атақтарынан айырды. 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 17 облыста жаттықтырушылық, оқытушылық және спорттық қызметпен айналысатын азаматтардың жалған дипломдарды пайдалануының 260-тан астам фактісі анықталды.

"Біз спортшы Арман Әшімовтың жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын заңсыз алған бірнеше адам туралы айтқан  фактіге тоқталдық. Тергеу нәтижелері бойынша бұл азаматтар аталған атақтарынан айырылды, оларды берген тұлғалар сотталды.", - деді Биғайдаров Антикордағы брифингте.

Биғайдаровтың хабарлауынша, барлық материалдар ішкі істер органдарына өткізіліп, 180 адаммен еңбек шарты бұзылған.

Еске салайық, бұған дейін спортшы Арман Әшімов «жалған спортшыларға» «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы айтқан болатын.

Тегтер: