Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:22, 15 Мамыр 2024

Антикор: Мусинге қатысты қылмыстық іс қарауымызда жоқ

c
Фото: из открытых источников

Антикор бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растамады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

«Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің қарауында бұрынғы  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б.Мусинге қатысты қылмыстық іс жоқ», - деп жауап берді Антикор ҚазТАГ басылымына.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Айта кетейік, Бағдат Мусин Цифрлық даму министрлігін 2020 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін атқарды. 

Фото: ортком