Ақмола облысы коронавирус бойынша қызыл аймаққа кірді
Ақмола облысы коронавирус жағдайына байланысты "қызыл" аймаққа кірді,-деп хабарлайды ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
"Қызыл" аймаққа Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай және Ақмола облысы кірді. Бірақ бұл бүгінгі жағдай, ертең бәрі басқаша өзгеруі мүмкін", — деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Оның айтуынша, «сары» аймаққа Батыс Қазақстан облысы мен Нүр-Сұлтан қаласы кіреді. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.