Әлеумет

Екі айда екі өлім: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері қаза тапты

Ақмола облысында облыстық сот қызметкерінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

сот

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сот қызметкерінің өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады полиция департаменті.

БАҚ мәліметінше, марқұм Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімінде жұмыс істеген. Оның денесі тұрғын үйдің жертөлесінен табылған.

Бұл – соңғы бірнеше айда Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің қайтыс болуына қатысты тіркелген екінші жағдай.

Биыл қыркүйекте қалалық сот әкімшілігінің 27 жастағы басшысының қаза тапқаны белгілі болған еді. Марқұмның туыстары оның жұмыс орнында моральдық және психологиялық қысымға ұшырағанын мәлімдеген.

Алайда Сот әкімшілігі бұл айыптауларды жоққа шығарған.

Қазіргі уақытта облыстық сот қызметкерінің өліміне не себеп болғаны және екі оқиғаның арасында қандай да бір байланыс бар-жоғы белгісіз.

Тергеу жалғасып жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Сот
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз