Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:30, 16 Қыркүйек 2023

АҚШ қаржы министрлігі Ресейге қатысты санкция тізімін ұлғайтты

None
None

70 жеке тұлға мен 100 шақты компанияға шектеу енгізілді.

Құрама Штаттардың қаржы министрлігі Ресейге салынған санкция тізімін ұлғайтты. Бұл жолы 70 жеке тұлға мен 100 шақты компанияға шектеу енгізілді.

Centralasian.org хабарлағандай, санкция тізіміне қосылғандар арасында АвтоВАЗ бен «Москвич», авиация мен флот өнімдерін шығаратын «Сатурн», «Союз», «Ақ Барс» Банк және Синко-Банк бар.

«Союздың» бас конструкторы Мкртич Окроян мен оның отбасы мүшелеріне, сонымен бірге Орталық Африка Республикасы президентінің кеңесшісі Виталий Перфильевке де санкция салынды. Перфильев «Вагнер» жекеменшік әскери компанияның ОАР-дағы басты адамы саналады.

Ресей компанияларына электроника сатумен айналысқан шетел компаниялары да тізімге енді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, санкция тізіміндегі заңды тұлғалар Ресейдің қорғаныс-өндіріс кешеніне қатысы бар, ал жеке тұлғалар болса Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қолдау көрсетіп, содан пайда тауып жүр.

Тегтер: