Саясат

Ақтаудағы планшет зауыты бұрынғы қылмыскердің иелігіне берілмек

Ақтаудағы планшет зауыты бұрынғы қылмыскердің иелігінеберілмек. Бұл жөнінде «Евразия»телеарнасы хабарлады.

Ақтаудағы планшет зауыты бұрынғы қылмыскердің иелігіне берілмек

Ақтаудағы әйгілі электронды планшет, теледидар жәнемонитор өндіруге негізделген зауыт екі рет істі болған Арыстан Борановтыңиелігіне берілмек.  

2019 жылдыңортасында ӘКК «Каспий» директорлар кеңесі зауыт ғимаратын тендерге қойған.Мамыр айында өткен тендерді Арыстан Борановтың компаниясы жеңіп алған.Жергілікті кәсіпкерлер тендер келісімі коммерциялық құрия екендігін айтуда.Зауыт ғимараты қаншаға сатылғаны әзірге белгісіз.

Телеарнамәліметінше, Арыстан Боранов 2013 жылы Бейнеу аудандық полиция бөлімініңбасшысы болып тұрған уақытта «әріптесін өлтірді» деген айыппен 8 жылғасотталған. Бірақ 2015 жылы мерзімінен бұрын босатылған. Арада екі жыл өткендеоның үстінен «ұйымдасқан қылмыстық топпен бірген жасырын казино ашты» деген айыппенқылмыстық іс қозғалған. Аталмыш іс бойынша ұсталған жеті адам әртүрлі мерзімгесотталып, Боранов кезекті рет ақталып шыққан.

Маңғыстау облысыныңәкімі Серікбай Тұрымовтың сөзінше, зауыт келесі жылдан бастап құрылыс заттарынаарналған пластик қаптар шығарады.

«Иә, бұл құрылыс заттарына арналған үлкен қаптар болады.Зауыт еркін экономикалық аймақта орналасқан. Сол себепті біз бұндай жобадан бастарта алмаймыз. Цехтар ұзақ жылдардан бері бос тұр. Біздің басқа амалымызболмады», — деді Тұрымов.

«Caspiy Electronics»ЖШС зауыты 2011жылдың желтоқсан айында іске қосылған. Ол жылына 60 мың планшет, 80 мыңтеледидар мен монитор шығаруы керек болған. Зауыт бюджет есебінен үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасыаясында салынған.

2013  жылы қаржы полициясының тексерісінен кейін, зауыттың жұмыс істемей тұрғандығы белгілі болған. Екі жыл ішінде зауыт бірде-бір өнім шығармаған. Кейіннен сот шешімі бойынша, зауыт директоры Александр Павленко алты жылға, ЖШС «Каспий» басқарма төорағасының орынбасары Ерғали Каюпов үш жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ Каюпов амнистияға байланысты сот залынан босатылған. 

Фото: kursiv.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз