Саясат

Ақтөбе әкімдігінен қызметкерлер қашып жатыр

Оңдасын ОРАЗАЛИНбасқаратын Ақтөбе облысы әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлер жаппай жұмыстан кетіпжатыр.

Ақтөбе әкімдігінен қызметкерлер қашып жатыр

Облыс әкімі аппаратыныңбасшысы қызметкерлердің аяқ асты мемлекеттік қызметтен не үшін бас тартыпжатқандарын анықтайтайтын боламын деп отыр.

Бүгін облыс әкімініңаппарат басшысы Нұржауған ҚАЛАУОВТЫҢ төрағалық етуімен аппарат отырысы өтті. Мемлекеттікқызметкерлердің этикасы, ақпараттық қауіпсіздік, персоналдың таза ауысымдылығымәселесі қаралған жиынға  ҚР Мемлекеттікқызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойыншадепартаменті басшысының м.а  Бауыржан ОРАЗОВ,  видеобайланыс арқылы  барлық аудандық әкімдіктердің  аппарат басшылары да қатысты.

Персоналды  басқару біріңғай қызметінің басшысы  Мирхан ЕРМАЕАНБЕТОВ қазір облыс көлеміндеперсоналдың таза ауысымдылығы мәселесі алаңдататын жағдайға жеткендігін айтады.Себебі, биыл облыста 112  мемлекеттікқызметші жұмыс орындарын ауыстырған.

Бұл көрсеткіш 2018 жылменсалыстырғанда 0,1%-ға көбейді. Кейбір қала, аудандарда таза ауысымдылықкөрсеткіші жыл басында бекітілген шекті мәннен айтарлықтай асқан дедіПерсоналды  басқару біріңғай қызметініңбасшысы  Мирхан Ермағанбетов.

Облыс әкімдігінің аппаратбасшысы Нұржауған Қалауов мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан не себептікеткендігіне талдау жасап, әсіресе өз еркімен жұмыстан кеткендер арасындасауалнама жүргізуді енді қолға аламын деп отыр.

«Себепсізден себепсіз қызметтен кету мәселесіне тоқтау салу қажет.Босорындар саны 132 болып тұр. Біз осы орындардың орнын толықтыра алмай жатқанда,екінші жақтан себепсіз жұмыстан босап жатады», — деді аппарат басшысы.

Фото: aktobe.gov.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз