Live

Ақтөбе облысында шахтада тау жынысы опырылып, 24 жастағы жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты.

шахта

 

 Бұл туралы «Қазхром» трансұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 20 қазанда болған. Ресми мәліметке сәйкес, шахтада қауіпсіздік тіреуіштерін орнату жұмыстары кезінде тау жынысы опырылып түскен. Соның салдарынан  жұмысшы қаза тапқан.

Қаза тапқан азаматтың 2002 жылы туғаны белгілі болды.

«Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Қазір қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Компания басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Қаза тапқан жұмысшының отбасына қажетті көмек көрсетіледі», – делінген компания хабарламасында.

 «Қазхром» трансұлттық компаниясы – Қазақстандағы ірі феррохром өндірушілердің бірі. Дон тау-кен байыту комбинаты 1938 жылы Ақтөбе облысында Оңтүстік Кемпірсай хромит кен орнының негізінде құрылған. Кәсіпорын хром кенін өндіру және байытумен айналысады. Қазіргі уақытта компания өндірісті жаңғыртуға, кен өндіру мен ферроқорытпа шығару көлемін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: шахта
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз