Ақтөбеде тағы бір әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
Ақтөбеде 5 қараша күні әйел адам қаза тапты.
Оны өлтірді деген күдікпен бұрынғы күйеуі ұсталды. Марқұмның артында бір қызы қалған.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.