Қоғам

Кіші Трамп пен Умар Кремлев Қазақстанда құпия кездесу өткізген бе?

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы кіші Дональд Трамп Қазақстанда Ресей билігіне жақын кәсіпкер, Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлевпен кездескен.

Кіші Трамп

Бұл туралы OCCRP "Важные истории" басылымының зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады. Кремлев кездесуді "іскерлік кездесу" деп атаған. Алайда зерттеу авторлары екі тараптың нақты қандай мәселелерді талқылағанын анықтай алмаған.

Бұған дейін Financial Times басылымы Трамптың ұлдары – кіші Дональд пен Эрик Қазақстандағы вольфрам кен орнын игеруге қатысы бар компаниядан үлес сатып алғанын жазған еді. Басылым мәліметінше, 2025 жылы олар Қазақстандағы вольфрам жобасына қатысы бар Kaz Resources компаниясының 20 пайыз үлесіне иелік ететін Skyline Builders құрылыс компаниясынан үлес алған.

Арада алты күн өткенде АҚШ пен Қазақстан үкіметтері Kaz Resources инвестициялық тобына Қарағанды облысындағы ірі вольфрам кен орындарын игеруге мүмкіндік беретін келісім туралы жариялаған. Сонымен қатар АҚШ-тың екі мемлекеттік мекемесі жобаға 1,6 млрд долларға дейін федералдық қаржы бөлу мүмкіндігін қарастырды.

Қарағанды облысындағы кен орындары вольфрам қоры бойынша әлемдегі ең ірі нысандардың бірі саналады. Оларды игеруге Қытай мен Ресей компаниялары да қызығушылық танытқан.

Зерттеуде Умар Кремлевтің Ресей билігі өкілдерімен, соның ішінде Владимир Путиннің жеке күзет қызметінің басшысы Алексей Рубежноймен тығыз байланысы бары айтылады. Дереккөздердің мәліметінше, ол Ресей Ұлттық гвардиясына тиесілі көліктермен және қарулы күзеттің сүйемелдеуімен жүреді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз