Қоғам

Шымкентте адам ұрлап, өлтіргендер сотталды

Шымкентте 40 жастағы Василий Колесниковты ұрлап әкетіп, өлтірген алты ер адамға сот үкімі шықты. Сотталушылар 20 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сот

Сот мәліметінше, биыл қаңтарда олар әдейі жол апатын ұйымдастырып, үш ер адамға шабуыл жасаған. Олардың бірін пышақтап жаралап, Василий Колесниковты күштеп көлікке отырғызып, Түркістан облысына алып кеткен. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс алдын ала жоспарланған. Кейін ұрланған ер адам өлтірілген.

Қылмысты ұйымдастырушы 23 жылға сотталды. Қалған бес адам адам өлтіру, адам ұрлау, бұзақылық және қылмысқа көмектесу баптары бойынша жаза алды.

Сот тірі қалған жәбірленушіге моральдық зиян үшін 10 миллион теңге, адвокат шығыны ретінде тағы 4 миллион теңге төлеуді міндеттеді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз