Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 19 Шілде 2024

Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

к
Фото: Жоғарғы сот

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды.

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша қайтарылған мүлік құны 1,2 млрд теңгені құрайды.

17.07.2024 жылы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді, делінген хабарламада.

Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен, делінген Прокуратура мәлімдемесінде.