Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:21, 27 Қараша 2023

«Арқа ауруы – қатерлі ісіктің белгісі» – дәрігер

арқа
Фото: из открытых источников

Ұлыбританиялық дәрігерлер арқаның ауруы ұйқы безі қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Zhasalash.kz тілшісі Express сайтына сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ұйқы безінің қатерлі ісігін адамдар омыртқааралық дискілердің ауруымен шатастыруы мүмкін. Себебі екі орган бір-біріне жақын орналасқан. Ауырсыну іштен басталып, арқаның ауруымен жалғасуы мүмкін.

"Сіз жатқан кезде жайсыздық туындайды. Ал орныңыздан тұрған кезде ол жоғалуы мүмкін. Сондай-ақ, тамақтанған кезде ауырсыну күшеюі ықтимал. Мұның барлығы белгілі бір нерв жүйесінің зақымдануымен байланысты. Бұл асқазанда немесе аш ішектегі ісік салдарынан болуы мүмкін", - дейді сарапшылар.

UK Pancreatic Cancer мәліметінше, ұйқы безінің қатерлі ісігі 70 пайыз жағдайда арқаның ауырсынуымен байланысты екен.