Арман Шораев қолхатпен босатылды
Белгілі журналист жәнеқоғам қайраткері Арман Шораев қолхатпен босатылды. Еске салайық, мұның алдынд Арман Шораевтың ұсталғаны хабарланған болатын.
«Азамат А.Т. Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан.Өз әрекеттері салдарынан Арман Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіптібұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиянкелуіне қауіп төндірді», — делінген еді Алматы қаласы полициядепартаментінің хабарламасында.
Арман Шораев — ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестіңбұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы — «Хабар» Агенттігі" АҚ Басдиректорының орынбасары, 2006-2007 жылдары — ҚР Президенті ӘкімшілігіӘлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары — «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры болған.