Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:36, 14 Мамыр 2024

Армения Әзірбайжанмен теміржол қатынасын қалпына келтіруге мүдделі

р
Фото: из открытых источников

Армения Әзірбайжанмен теміржол қатынасын қалпына келтіруге мүдделі. 

Бұл туралы Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Ереванға жұмыс сапарымен барған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы және Еуропалық істер және сауда министрі Ян Боргпен кездесуінде айтты, деп жазады Анадолу агенттігі.

Мирзоян Алматыда Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу қолайлы жағдайда өткенін айтты, деп хабарлайды Арменияның ресми ақпарат агенттігі Арменпресс.

Екі жақтың да аумақтық тұтастығын өзара мойындауы және шекараларды делимитациялау және демаркациялау жұмыстары 1991 жылғы Алматы декларациясына сәйкес жүргізілуі қажет, деді Армения дипломатиялық департаментінің басшысы.

Министр Әзербайжанмен жасалған бітімгершілік келісім мен қаралып жатқан декларацияның қағидаттарын енгізу - ұзаққа созылған аймақтық қақтығысты тоқтатуға және Оңтүстік Кавказда тұрақты бейбітшілік орнатуға көмектесетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, ол бейбітшіліктің маңызды құрамдас бөлігі - аймақта көлік коммуникацияларының ашылуы болып табылатынын айтты. 

«Біз бірінші кезеңде Әзірбайжанмен теміржол қатынасын қалпына келтіруге мүдделіміз. Әрине, барлық инфрақұрылым елдердің егемендігіне сәйкес, екі елдердің заңнамалары бойынша жұмыс істейді және өзара теңдік принципіне сәйкес болады», - деді Армения Сыртқы істер министрі.

Ондаған жылдарға созылған қақтығыстар мен азаптардан кейін Армения мен Әзірбайжан халқының өздеріне лайықты бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеуіне қол жеткізуі өте маңызды, деді Борг.

«Біз осыған байланысты нақты нәтиже беретін барлық ұлттық және халықаралық бастамаларды қолдауды жалғастырамыз», - деп қосты министр.

Айта кетейік, 2024 жылдың 10 мамырында Алматыда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоянның арасындағы келіссөздер өткен болатын.

Фото: aa.com.tr